Вернуться к списку
Динара Баймуратова

3 465

Голосов:

Динара Баймуратова

Семей

Возраст: 17

Рост: 176

Параметры: 86-64-93

Туған күні: 2001 жыл 22 ақпан
№7 жалпы білім беретін лицей-мектепте оқимын.
Спортпен айналыспаймын

Арман деген – өмірге және жақсы нәрсеге үміт беретін керемет сезім. Менің қазіргі сәттегі арманым – мектепті жақсы аяқтап, еліміздің ең үздік университеттерінің біріне түсу, ал ең басты арманым – сәнді киім дизайнері атану.  

1) Бразилия. Қазіргі таңда бұл мемлекет менің тізімімде бірінші болып тұр. Копакабана жағажайы, Риодағы карнавал, Кешірімді Христаның статуясы.

2)Франция. Мен Париж,Марсель, Ницца, Прованс деп қиялданамын.

3) Италия. Мен үшін Италия – бұл  Рим, Ватикан, Венеция, Милан. Сән үйлері, брендті киім, сөмкелер....осының бәрі Италия! Mamma Mia!!!! Бұл елдің алуантүрлілігі сонша, кез келген жан өзіне керегін табады.  

4) БАӘ. Әлемнің ең дәулетті еліне кімнің барғысы келмейді дейсіз?! Шопинг, жағажай, заманауи   архитектура және де атақты Парус қонақүйі!

5)Чехия – бұл ең алдымен, Прага. қамалдар мен қорғандар, пейзаж, архитектура, ескерткіштер, алаңдар, мұражайлар, ұлттық тағамдар. Және де Билеп тұрған үй, Прага Грады, Карлов көпірі.

6)Нидерланды. Оғаш көрінуі мүмкін, бірақ маған Амстердам қызықты. Осылай. Армандар орындалуы тиіс!)

Сүйікті фильмім – «Титаник». Онда 1912 жылы суға кеткен атақты «Титаник» кемесінің тарихы баяндалады. Тіпті, заманауи стандарт бойынша да  «Титаник» өте үлкен кеме болған. Оның трагедиялық күйреуі қашанда есте қалады, өйткені кеме алғашқы рейсінде-ақ апатқа ұшырап, көп адам шығындалған. Фильмнің режиссері  – Джеймс Кэмерон. Фильмдегі басты рөлдерді жас актерлер Леонардо ди Каприо мен Кейт Уинслед сомдаған. Меніңше, олардың актерлік ойыны керемет. Оператор жұмысы да ғажайып. Менің естуімше, олар бұл фильмге “Титаник” моделінің табиғи үлкен қалпын жасаған екен. Өте әсерлі фильм. Сондай-ақ мұнда жүрегіңді жаралайтын махаббат оқиғасы баяндалған. Фильм 11 Оскар сыйлығына ие болған, бұл фильм осы сыйлықтың бәріне лайықты деген сенімдемін.  

Байқауларға қатысу көп күш-жігерді талап ететіні сөзсіз. Сонымен қатар дамуды ұйымдастырады, көмектеседі, жетілуге мәжбүрлейді, кәсіби тұрғыдан

дамытады, жаңа леп береді, әрі қарай ілгерілеп бара жатқаныңды сезінесің.  

Мені польша әншісі әрі композиторы Анна Герман шабыттандырады. Әлемнің әртүрлі тілінде, ең алдымен орыс және поляк тілінде ән орындайтын орындаушы ретінде танымал. Көптеген ұлттық және халықаралық, оның ішінде Монте-Карло, Сан-Ремо, Канн, Сопот фестивальдарының лауреаты.

Би, бау-бақша, жаттығу залындағы жаттығулар, велосипед тебу, киім пішу және тігу.  

Болашақта әрине, меткепті жақсы бітіріп, бір жерге оқуға түскім келеді, одан кейін одан да жоғары білім алғым келеді немесе мамандығым бойынша білім алғым келеді. Жақында бұл менің басты мәселеме айналатынына сенімдімін, қазірше мен жасөспірім қызбын.